Қайтарылған активтерді басқару компаниясы ҚР Премьер-Министрі орынбасарының – Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 1061 бұйрығымен (2024 жылғы 4 қазандағы өзгерістермен) бекітілген басқарушы компания берген активтерді басқару қағидаларын қатаң сақтай отырып, активтерге билік етудің ашық тәсілдерін пайдаланады. Активтерді мемлекеттік меншікке беруді қоспағанда, басқарушы компанияға түскен активтер міндетті түрде іске асырылуға жатады.
Бұл ретте активтерге билік етудің мынадай тәсілдері айқындалды:
Әрбір шешім активтің ерекшеліктерін және нарықтық жағдайды ескере отырып, жеке қабылданады. Ең бастысы – ашықтық пен тиімділік. Ол үшін активтер негізінен Е-Qazyna веб-порталында электрондық сауда-саттық арқылы сатылады, онда кез келген адам әділ бәсекелестік туғыза отырып, сауда-саттыққа қатыса алады.