«Жасыл мемлекеттік сатып алулар – Қазақстанның «жасыл» өсу стратегиясының қозғаушы күші» тақырыбында семинар-тренинг

«Жасыл мемлекеттік сатып алулар – Қазақстанның «жасыл» өсу стратегиясының қозғаушы күші» тақырыбында семинар-тренинг

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен «Жасыл мемлекеттік сатып алулар – Қазақстанның «жасыл» өсу стратегиясының қозғаушы күші» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинарда орнықты мемлекеттік сатып алуға қатысты ақпарат, шет мемлекеттердің озық тәжірибесі, халықаралық зерттеулердің қорытындылары ұсынылды.

Бүгінгі таңда, орнықты мемлекеттік сатып алу элементтерін енгізуді көздейтін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында.

Осы ретте, аталған іс-шараның қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар Қазақстанда орнықты мемлекеттік сатып алуды енгізу бойынша жаңа тәсілдемелерді іске асыру кезінде ескерілетін болады.