«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы  4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»

 Қаржы министрлігімен Инвестициялар тарту кеңесі отырысының хаттамасына сәйкес «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленген.

Жобаның мақсаты Республикалық маңызы бар  автомобиль жолдарын жөндеуге қарызды көздейтін мемлекет кепілдік берген инвестициялық жобаларды инвестициялық жобаларды әзірлеу мақсаттарына жатқызу.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары республиканың және көрші мемлекеттердің ірі әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететіндігіне байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу өңірлер мен тұтастай алғанда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сонымен қатар республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 22 сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (egalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15026566) орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 8 мамырға дейін.