«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 723 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 4-тармағына сәйкес «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы
30 маусымдағы № 723 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленген.

Жобаның мақсаты «тұрғын үй құрылысын қаржыландыру» сөздерін «тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды қаржыландыру үшін, сондай-ақ кәріздік тазарту құрылысжайларын салу мен реконструкциялауды қаржыландыру» сөздеріне өзгерту бөлігінде Заңға сәйкес келтіру.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 19 сәуірде Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15024104).

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 6 мамырға дейін.