Ұлттық Қор – балаларға жобасын іске асыру жөніндегі ақпарат

Ұлттық Қор – балаларға жобасын іске асыру жөніндегі ақпарат

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Ұлттық Қор – балаларға жобасын іске асыру жөніндегі ақпарат

 

2022 жылы қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық Қор – балаларға» жобасын бастауға бастамашылық етті.

Аталған бастаманың шеңберінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.

Сондай-ақ Заңға ілеспе мынадай нормативтік құқықтық актілер бекітілді:

  1. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысы);
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидалары (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 76 бұйрығы);
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидалары (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 12 ақпанда № 29 бірлескен бұйрығы);

2024 жылдың басында нысаналы талаптарға қатысушылардың саны
6 919 131 адамды құрады, оның ішінде 304 815 адам 2024 жылы 18 жасқа толды (толады).

18 жыл iшiнде орташа инвестициялық кiрiстiң 50%-нан қалыптасқан есептеулердің жалпы сомасы 695 519 269 АҚШ долларын құрады, әрбiр балаға 100,52 АҚШ доллары есептелді.

Есептеулерді кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері egov.kz порталынан және enpf.kz сайтынан көре алады.

2024 жылы кәмелетке толған (толатын) балалар үшін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на жалпы сомасы 30 640 003,80 АҚШ долларын құрайтын қаражат аударылып қойды.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның жариялаған деректеріне сәйкес (enpf.kz) 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және білім ақысын төлеуге қолданымдар:

 

Атауы

Түскен өтінімдер саны

сомасы (АҚШ доллары)

 

Оның ішінде орындалғаны  

Тұрғын үй жағдайын жақсарту

288

162

16 016,04

Білім ақысын төлеу

487

260

26 062,30

ЖАЛПЫ

775

422

42 078,34

 

Қосалқы мақсаттар бөлігінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында нысаналы жинақтар төлемі

 

Қосалқы мақсаттар

бірлік

%

сомасы (АҚШ доллары)

Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді меншігіне сатып алу (түпкілікті есеп айырысу)

11

6,79

1 105,20

Тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

2

1,23

200,52

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешегін ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

6

3,70

602,08

Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешегін ішінара өтеу (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

1

0,62

100,52

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызын алу (құрылысты қоспағанда)

1

0,62

100,52

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара өтеу

3

1,85

300,52

Төлемді бөліп төлеу арқылы сатып алу, жекешелендіру, сатып алу-сату құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша ішінара төлеу

1

0,62

100,52

Төлемді бөліп төлеу арқылы сатып алу, жекешелендіру, сатып алу-сату құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша толық төлеу

1

0,62

100,00

Жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық үшін пайдалану мақсатындағы жер учаскесін азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу)

2

1,23

200,52

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйді (пәтерді) сатып алу немесе көп пәтерлі тұрғын үйдің үлесін беру туралы акті жасаған кезде (түпкілікті есеп айырысу)

1

0,62

100,52

Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинағына салым салу

133

82,10

13 105,12

Жалпы

162

100,00

16 016,04

 

Қосалқы мақсаттар бөлігінде білім ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтар төлемі

Қосалқы мақсаттар

бірлік

%

сомасы

(АҚШ доллары)

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу

212

81,54

21 240,98

Шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу

11

4,23

1 104,68

Білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру

28

10,77

2 813,00

Білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарнасы) түрінде енгізу

1

0,38

100,52

Білім беру кредиті бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу

8

3,08

803,12

Жалпы

260

100,00

26 062,30