«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 674 «Қазақстан Республикасы экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесінің 15 тармағын орындау мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 674 «Қазақстан Республикасы экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын Заңға сәйкес келтіру болып табылады.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сонымен қатар республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Бұйрық жобасы 2024 жылғы 7 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14973838) орналастырылды.
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 27 наурызға дейін.