«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару, сенімді және қауіпсіз цифрлық инфрақұрылымды қамтамасыз ету саласындағы платформалық модельді енгізуге қатысты тапсырмасы шеңберінде әзірленді.

Бұйрық жобасының мақсаты деректер орталығының құрылысына мүмкіндік беру, сондай-ақ деректер орталықтары үшін жабдықты (серверлер, деректерді сақтау жүйесі және т.б.) сатып алу.

Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс
әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 6 наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында  (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14972185) орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы
12 наурызға дейін.