«Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 686 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық Жобасы) мемлекеттік сатып алу заңнамасын жетілдіру шеңберінде әзірленген.
Бұйрықты қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Заң жобасы 2023 жылғы 29 қарашада ашық нормативтік
құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14819635) орналастырылды.
Заң жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 13 желтоқсанға дейін.