Бүгін Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Б.Т. Сұлтановтың төрағалығымен мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу жөніндегі Консультативтік комитеттің отырысы өткізілді.
Отырысқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өкілдері қатысты.
Талқылау шеңберінде орнықты мемлекеттік сатып алу, электрондық-цифрлық қолтаңбаны өзара тану қағидалары, мемлекеттік сатып алуды толыққанды цифрландыру жөніндегі шаралар тізбесі, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алу саласындағы тәжірибе алмасу мәселелері қаралды.