Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алаңында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі жаңашылдықтар» тақырыбында брифинг-сараптамалық дөңгелек

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алаңында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі жаңашылдықтар» тақырыбында брифинг-сараптамалық дөңгелек

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің алаңында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі жаңашылдықтар» тақырыбында брифинг-сараптамалық дөңгелек үстел өтті.

Спикерлер: Сеитов Ерлан – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаментінің директоры, Танжариков Мейрамбек – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы басқармасының басшысы және сарапшы Көпжасарова Гаухар – экономика ғылымдарының докторы (PhD), «Орталық» жол құрылыс және инженерлік ұйымдар одағының мүшесі.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде берген тапсырмасын орындау үшін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң жобасы әзірленді.

Осылайша, негізгі жаңашылдықтар сатып алу сапасын арттыру, Заңның икемділігі, шамадан тыс регламенттеуді болдырмау және сатып алу рәсімдерін оңайлату, сатып алу процестерін автоматтандыру, сатып алу бойынша бірыңғай платформа құру, сондай-ақ сатып алу жүйесін жетілдіруге бағытталған басқа да шаралар болып табылады.

Сатып алынатын тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Заң жобасында:

  • мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін кеңінен пайдалану арқылы бағалық емес критерийлерді әзірлеу;
  • қоғамдық бақылауды енгізу;
  • құрылыс саласында «толық аяқталған» шарт жасасу мүмкіндігін енгізу;
  • әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға негізделген «тұрақты мемлекеттік сатып алу» тұжырымдамасын енгізу.

Жалпы жаңа Заңның қабылдануы мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа және тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.