Бүгінгі таңда басқарушы компанияны құру жарғылық капиталды қалыптастыру және Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеу сатысында тұр.
Бұдан басқа, Заңның 33-бабының 7-тармағына сәйкес ҚР ҚМ Заңда көзделген негіздер бойынша түскен активтерді Басқарушы компаниясы басқару тәртібі әзірленді.
Аталған тәртіпке сәйкес Басқарушы компания өз қаражаты бойынша және басқарушы компанияның мүлкінің құрамына қабылданған активтер бойынша бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және бөлек қаржылық есептілікті ұсынады.
Басқарушы компания сондай-ақ оның мүлкінің құрамына түскен активтер туралы ақпаратты тізілімнің веб-порталында орналастыруға тиіс.
Активтерді басқарудың келесі әдістері қарастырылған:
1) мүліктік жалдау (жалға алу/кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу);
2) сенімгерлік басқаруға беру (кейіннен сатып алу құқығынсыз және құқығымен);
3) консервация;
4) іске асыру;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысымен бекітілген Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидаларында көзделген тәртіппен активтерді мемлекеттік меншікке беру;
6) басқарушы компания айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында және актив орналасқан елдің заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер.
Активтерді басқарудың түпкі мақсаты-оларды іске асыру.
Активтерді сатудан түскен ақша, ақшаның түсімдері мен Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық жобаларын, сондай-ақ активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шығыстарын қаржыландыру мақсатында жұмсалуын есепке алу үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ҚР ҚМ-де ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты болып табылатын Арнайы мемлекеттік қорға жіберілетін болады.