Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен әлеуметтік-экономикалық даму бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды, соның бірі Қазақстанның 2019 жылдың 1 тоқсанындағы экономикалық даму көрсеткіштері.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен әлеуметтік-экономикалық даму бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды, соның бірі Қазақстанның 2019 жылдың 1 тоқсанындағы экономикалық даму көрсеткіштері.

   ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары- Қаржы министрі Ә.Смайылов статистикалық мәліметтермен бөлісіп, есеп берді.

Биылғы жылдың 1-ші тоқсанында экономикалық белсенділіктің оң қарқыны сақталуда. Оған төмендегі сандар дәлел:

Жалпы ішкі өнім 3,8%-ке өсті;

Жылдық инфляция 4,8%-т деңгейге дейін төмендеді;

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 7%-ке өсті;

Еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ке дейін төмендеді.

Өнеркәсіп өндірісі 3,2%-ке өсті.

Химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау өнеркәсібі 10%-ке артты. Автокөлік шығару 33%-ке өсті.

Құрылыс жұмыстарың көлемі 8,9%-ке және транспорт – 4,4%-ке өсті.

Ауыл шаруашылығының өсуі 3,6%-ті құрады.

Сыртқы сауда айналымы 2 айда 7,5%-ке өсті, соның ішінде экспорт – 11,1%-ке, ал импорт – 0,3%-ке өсті.

Ішкі сауда көлемі 7,2%-ке ұлғайды.

Ағымдағы жылдың 2 айында екінші деңгейдегі банктердің жаңадан берілген несиелерінің көлемі 1,9 трлн. теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ке көп.

Еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% -ға төмендеді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпанындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстары нақты көріністе

2018 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 9,4% -ға өсті.