Алматыда автокөлік құралдары бойынша салық берешегін өндіріп алу мақсатында Алматы қаласы полиция департаментімен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп "Борышкер" жедел-алдын алу іс - шарасы өткізілуде. Жеке сот орындаушыларының қаулысы бар борышкерлердің автомобильдері "Сергек" камераларының көмегімен анықталады және берешек толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қамалады.
Бүгінгі таңда көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек 4,9 млрд. теңгені құрайды. Берешектің негізгі бөлігі қозғалтқыштың үлкен көлемі 4000 текше см-ден асатын автокөліктерге тиесілі.
Бір апта ішінде жиырмадан астам көлік, соның ішінде Porshe cayenne, Toyota Land Cruiser, Mercedes-Benz E-класты және т. б. айыппұл тұрағына қамалды.
Алматы қаласы бойынша МКД автокөлік иелерін айыппұл тұрағына қамауды және сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу бойынша жайсыз жағдайларды болдырмау үшін жақын арада салық берешегін өтеуге шақырады.
Салық берешегін МКК "Е-Salyq-Azamat" мобильді қосымшасының көмегімен және өз бетінше www.kgd.kz интернет-ресурста, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасында тексеруге болады.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда