««Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

««Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасына   БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Бюджет кодексінің 33-бабының 1-тармағын бюджеттік бағдарламалар түрлерінің мазмұнына байланысты бюджеттік бағдарламалар нысаналы жарнамен толықтыруға қатысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның              1-бабының 5-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында және 762 бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бюджеттік бағдарламамен толықтыру туралы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 15 мамырдағы № 5-08-02/2838-И хатына және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 4 қарашадағы №20/185-VII шешімі, 2022 жылғы 7 қарашадағы № 274 әкімдігінің қаулысына сәйкес ««Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірленді.

Бұйрық жобасымен бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына берілетін трансферттерді алып тастау, нысаналы жарна бойынша ерекшелікті толықтыру және бюджеттік бағдарламаны ашу бойынша жергілікті атқарушы органның ұсынысына қатысты өзгерістер енгізілді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылғы 25 мамырда орналастырылды.