Ерғали Егемберді 1977 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Бостон университетін (АҚШ) тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. Саяси ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1998 жылы Қаржы министрлігінің жүйесінде Астана қаласы Қаржы департаментінің бас маманы болып бастаған. Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, «Сарыарқа» ауданының әкімі, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.
Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз-қызметі