Қаржы вице-министрі Д.М. Кеңбеилдің төрағалығымен «Атамекен» ҰКП басшылығымен және салалық қауымдастықтар өкілдерімен «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң жобасын, сондай-ақ бизнес қоғамдастықтың ұсыныстарын талқылау бойынша кездесу өтті

Қаржы министрлігімен Мемлекет басшысының «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңды әзірлеуге қатысты тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Бүгін Қаржы вице-министрі Д.М. Кеңбеилдің төрағалығымен «Атамекен» ҰКП басшылығымен және салалық қауымдастықтар өкілдерімен жаңа Заң жобасын, сондай-ақ бизнес қоғамдастықтың ұсыныстарын талқылау бойынша кездесу өтті.

Жаңа Заңның негізгі бағыттары сатып алу сапасын арттыру, сатып алу процестерін толық автоматтандыру, өнім берушіні таңдау кезінде адами факторды алып тастау, тұрақты мемлекеттік сатып алуды енгізу, шамадан тыс регламенттеуді болдырмау болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жаңа заңды әзірлеу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты жария талқылауда екенін еске саламыз, ол жақын арада Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылатын болады.