Соттардың салық заңнамасын қолдану мәселелеріндегі өзгерістер туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Соттардың салық заңнамасын қолдану мәселелеріндегі өзгерістер туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

   Соттардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнаманы қолдану практикасы шеңберінде және оны біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2022 жылғы 22 желтоқсанда «Соттардың салық заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы қабылдады. Нормативтік қаулы 2023 жылдың 16 қаңтарынан бастап қолданысқа енді.

    Бұл қаулы салық заңнамасын оның әртүрлі салаларында қолданудың әртүрлі аспектілерін реттейді.

     Нормативтік қаулы қолданыстағы құқықтың құрамына енгізіледі және жалпыға міндетті болып табылады.

     Қаулы қабылдануына байланысты «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұрын қабылданған 2017 жылғы 29 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының күші жойылды деп танылды.