ҚР Қаржы Вице-министрі Дәурен Кенбейіл Еуропалық инвестициялық банк және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы өкілдерімен кездесті

ҚР Қаржы Вице-министрі Дәурен Кенбейіл Еуропалық инвестициялық банк  және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы өкілдерімен кездесті

Бүгін ҚР Қаржы Вице-министрі Дәурен Кенбейіл Еуропалық инвестициялық банк (ЕИБ) және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында «Шығыс Серіктестігі және Орталық Азия бағдарламасы» жобасын қаржыландырудың ықтимал тетіктері талқыланды.

ЕИБ және GIZ өкілдері энергетика, жасыл қаржы саласындағы жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ тұрғын үй секторындағы энергия тиімділігін арттыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар Д.Кенбейіл ЕИБ жобаларын теңгемен ұлттық валютада қаржыландыру мүмкіндігі бойынша мәселені тезірек шешудің маңыздылығын атап өтті.

Қорытыдысында ол Қазақстан ЕИБ және GIZ-пен ынтымақтастыққа үлкен мән беріп отырғанын айтып, жаңа жобаларды іске асыру үшін стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталғанын атап өтті.