2023 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы

2023 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы

Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мемлекеттік қаржының атқарылуы туралы баяндады.

Е.К. Жамаубаев өз сөзінде республикалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 12 млрд. теңгеге асыра орындалғанын атап өтті.

Жергілікті бюджеттердің кірістері 134,9%-ке атқарылды. Барлық өңірде кіріс жоспарлары артығымен орындалды.

Мемлекеттік бюджет шығыстары 95,8%-ке, республикалық бюджет шығыстары 96,5%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,6%-ке орындалды.

Ағымдағы жылдың 2 айында шамамен 3,4 трлн. теңге сомаға 136 мыңға жуық мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералдық бақылаумен қамтылып, 332 аудиторлық іс-шара өткізілгені атап өтілді. Тексеру қорытындысы бойынша 4,5 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 1,2 млрд.теңгеге бұзушылықтар жойылды.

Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев 2021-2025 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру туралы айтты.