Бүгін Қаржы министрлігінің өкілдері Ұлттық банк өкілдерімен бірге дамушы нарықтардың жергілікті облигацияларына инвестиция салатын халықаралық инвестициялық қорлармен конференц-байланысқа қатысты

Бүгін Қаржы министрлігінің өкілдері Ұлттық банк өкілдерімен бірге дамушы нарықтардың жергілікті облигацияларына инвестиция салатын халықаралық инвестициялық қорлармен конференц-байланысқа қатысты

Бүгін Қаржы министрлігінің өкілдері Ұлттық банк өкілдерімен бірге дамушы нарықтардың жергілікті облигацияларына инвестиция салатын халықаралық инвестициялық қорлармен конференц-байланысқа қатысты.
Конференц-байланысқа BlackRock, PIMCO, TRowe, UBS AM, Eaton Vance, Franklin Templeton, Goldman Sachs Asset Management, Nordea, Ashmore және басқа да 40-қа жуық ірі халықаралық инвестициялық қорлардан рекордтық мөлшерде шетелдік инвесторлар қатысты.
Онлайн конференция барысында шетелдік инвесторлар елдің орта мерзімді кезеңге арналған негізгі макро және бюджеттік өлшемдерімен, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздардың ішкі нарығын дамыту бойынша соңғы үрдістермен танысты.
Инвесторларға ағымдағы төлем балансы, инфляция деңгейін тежеу жөніндегі шаралар, жүргізіліп жатқан монетарлық және фискалдық саясат, сондай-ақ Қазақстанда ESG қағидаттарын енгізу жөніндегі бастамалар туралы ақпарат берілді.
Инвесторларды жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ ақша-кредиттік саясаты туралы тұрақты негізде таныстыру олардың Қазақстан туралы хабардарлығын арттыруға мүмкіндік береді.