«Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске асыру мәселелері бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңес

«Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске асыру мәселелері бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңес

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Е.К.Жамаубаевтың төрағалығымен «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске асыру мәселелері бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңес өтті.

Кеңесте аталмыш жобаны жүзеге асыруға арналған заңнамалық түзетулер талқыланды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың аясында қолданыстағы заңнамаға жоспарланған өзгерістер мен толықтырулар Ұлттық қордың қаражатын балаларға төлемдерге, салық салуға, мұрагерлік құқықтарға және т.б. пайдалану мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.