Сайлауды өткізуге бөлінген қаражат туралы ақпарат

Сайлауды өткізуге бөлінген қаражат туралы ақпарат

Сайлауды өткізуге бөлінген қаражат туралы бұрын айтылған ақпаратқа қосымша келесіні хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Мемлекет басшысы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізуді тапсырды.

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын Парламентте қарау барысында Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге 2023 жылға 33,4 млрд. теңге сомасында шығыстар қарастырылды (бұған дейін бюджет жобасында 2025 жылға қарастырылған).

Бұл шығыстар:

- саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша;

- бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша жаңа аралас сайлау жүйесін енгізуді ескере отырып есептелген.