Консультативтік органның кезекті күндізгі отырысы

Консультативтік органның кезекті күндізгі отырысы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде Консультативтік органның кезекті күндізгі отырысы өтті.

Консультативтік орган отырысының күн тәртібіне екі мәселе қойылды.

ХҚЕС 20 «Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу» қолдану мәселелері.

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы сарапшылар мемлекет қатысатын ұйымдарға ХҚЕС 20 қолдануды қиындататын Мемлекеттік мүлік туралы заңнаманың кейбір нормаларын талқылады.

Талқылау нәтижелері бойынша мәселені одан әрі пысықтау және тиісті заңнамаға түзетулер енгізу мүмкіндігін қарау ұсынылды.

Сондай-ақ, консультативтік органның мүшелері бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы проблемалық мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, кәсіби бухгалтерлерді сертификаттау мен біліктілігін арттырудың қолданыстағы жүйесі талқыланды, оның алдағы жылдарға дамуы туралы болжам жасалды.

Осы мәселе бойынша кеңірек кәсіби шеңберде талқылауды жалғастыру ұсынылды.