Аудиторлық қызмет және бухгалтерлік есеп саласы әртүрлі заңдармен реттеледі

Аудиторлық қызмет және бухгалтерлік есеп саласы әртүрлі заңдармен реттеледі

Аудиторлық қызмет бойынша кәсіби кеңестің қызметі «Аудиторлық қызмет туралы» ҚРЗ-мен реттеледі.

Ал бухгалтерлік есеп саласы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Қазіргі уақытта бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға бухгалтерлерді сертификаттауды кәсіби кеңеске беру бөлігінде өзгерістер енгізілмейді.

Сонымен қатар, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының негізінде құрамына мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың, Мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдері кіретін консультативтік орган жұмыс істейтініне назар аударамыз.

Консультативтік орган, оның ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.

ҚР Қаржы министрлігінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 702 бұйрығымен бекітілген консультативтік орган туралы Ережеге сәйкес міндеттердің бірі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу, сондай-ақ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудит саласындағы өзге де мәселелерді қарау және талқылау болып табылады.

Белгілі болғандай, заңнамада сертификаттау жөніндегі кәсіби ұйымдар оқыту, емтихан қабылдау және біліктілікті арттыру функцияларын жүзеге асыратыны белгіленген.

Бұл ретте, бүгінде іс жүзінде бугалтерлерді оқытудан түскен табыс 85 - 90%, ал емтихан қабылдаудан түскен табыс кәсіби бухгалтерлерге кандидат төлейтін соманың 10 -15% құрайды.

Жалпы, заңнаманы жетілдірудің барлық мәселелері, оның ішінде бухгалтерлерді сертификаттау мәселелері кәсіби қоғамдастықпен егжей-тегжейлі пысықталуда.