«Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қаржы министрі бұйрығының жобасына (бұдан әрі – Жоба) баспасөз релизі

Жоба «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің құрылысын қаржыландыруда, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың хаттамалық тапсырмасының 3 тармағын іске асыру үшін әзірленді.

Осыған орай, нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларына «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылатын медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерін (медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар) құрылысына, оларды реконструкциялауға, кеңейтуге және жаңғыртуға арналған шығыстар қаржыландыру бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылғы 20 қыркүйекте  орналастырылған.