«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасы туралы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасы туралы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) «2022 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 872 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысының жобасын іске асыру үшін әзірленді.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына  және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына 224 «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі» және 227 «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі» жаңа бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен толықтыру, сондай-ақ бюджеттік кіші бағдарламалармен және түсім кодтарымен толықтыру енгізілді.

Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2022 жылғы 23 қыркүйекте орналастырылды.