Кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс ету мерзімі туралы

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс ету мерзімі туралы

       Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілуде, ол мемлекеттік қызметшілерден, оларға теңестірілген тұлғалардан, сондай-ақ олардың жұбайларынан (зайыптарынан) басталады.

       2022 жылғы 15 қыркүйек – кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) электрондық түрде тапсырудың соңғы күні. 

      Декларация қағаз түрінде тапсырылатын болса, 2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірілмей табыс етілуі тиіс. 

       2022 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің тұлғалары ұсынады, олар 2021 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынған болатын.

      Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz) web-қосымшасы және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде толтырып, тапсыруға болады. Жеке тұлғалар декларацияны тұрғылықты (тұратын) жері бойынша, ал дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар орналасқан жері бойынша табыс етеді.