ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің капиталды шетелден елге қайтару және ақша қаражатының елден шығарылуына, оның ішінде оффшорлық юрисдикцияларға шығуына қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды күшейту мәселелері бойынша тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес өтті.
Кеңестің нәтижесінде барлық мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Екі ай ішінде капиталдың жылыстауына жол бермеу және шетелге заңсыз шығарылған қаражат пен сол жақта сатып алынған активтерді қайтару тәсілдері мен тетіктері әзірленетін болады.
Бірлескен жұмыстың қорытындысы туралы Мемлекет басшысына баяндалатын болады.