«Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандартын бекіту туралы

«Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандартын бекіту туралы

«Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудит және

қаржылық бақылау рәсімдік стандартын бекіту туралы

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандарты бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министріне жүктелсін.
  2. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.