ХАБАРЛАНДЫРУ «Мемлекеттік қаржы-қаражат жөніндегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобын құру туралы»

ХАБАРЛАНДЫРУ «Мемлекеттік қаржы-қаражат жөніндегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобын құру туралы»

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Мемлекеттік қаржы-қаражат жөніндегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобын құру туралы»

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік қаржы-қаражат жөніндегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобын құру туралы конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1)  қоса берілген 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2)  кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Жұмыс тобының сандық құрамы: 9 адамнан тұрады, оның ішінде 3 адам мемлекеттік органның және 6 адам коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар.Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2022 жылдың 26 қаңтарына дейін                  (қоса алғанда).Құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық пошта мекенжайлары: k.omarova@minfin.gov.kz, e.kazimova@minfin.gov.kz, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 (4 кіреберіс, 517/1 кеңсе).Ақпарат үшін телефон: 8 (7172) 750293, 750460.Конкурстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобының отырысына үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатыса алады.Байқаушы болуға ниет білдірген азаматтар белгіленген мерзімде мемлекеттік органға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеуге байқаушы ретінде қатысуға өтініш береді. 

 

Персоналды басқару және

стратегия департаменті

 

Ескерту: Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру үшін жұмыс тобын құру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін кандидаттардың қажетті санының болмауына байланысты 2021 жылғы 23 желтоқсанда жарияланған конкурс өтпеді деп танылды.