«Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына Баспасөз релизі

Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын жетілдіру, бағалау қызметін және атқарушылық іс жүргізуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы Заңымен енгізілген түзетулерді іске асыру үшін «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

Жобада Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларына Қазақстан Республикасының Жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес келтіру, сондай-ақ республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есептің құрылымын өзгерту бөлігінде түзетулер енгiзу көзделеді.

Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылғы 5 қаңтарда орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 19 қаңтарға дейін.