«Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 136 бұйрығына өзгерістер енгізіледі

«Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 136 бұйрығына өзгерістер енгізіледі

 «Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 136 бұйрығына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 506 бұйрығымен «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына  «Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер» санатында 302106 «Мемлекеттік резервінің кәдеге жаратылған сатудан түсетін түсімдер» бюджеттік сыныптамасының кодын толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Осыған байланысты Бұйрық жобасымен 16-жолды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті жауапты уәкілетті орган болып табылатын мемлекеттік материалдық резервтің кәдеге жаратылған тауарларын сатудан түскен түсіммен толықтыру жоспарлануда.

Бұдан басқа, Бұйрық жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында бұйрықтың мәтіні бойынша заңнамалық актілердің күндерін алып тастауды көздейді.

Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) 2021 жылғы 30 қарашада орналастырылды.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейін.