«Қазақстанда Аудиторлық қызмет бойынша кәсіби кеңес өз қызметін бастады»

«Қазақстанда Аудиторлық қызмет бойынша кәсіби кеңес өз қызметін бастады»

2021 жылғы 6 шілдеде аудиторлық қызмет бойынша кәсіби кеңес құруды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.

2021 жылғы 5 қазанда кәсіби кеңес құрылды, оның құрамында Сапаны бақылау комитеті және Біліктілік комиссиясы жұмыс істей бастады.

Аталған атқарушы органдардың ішкі құжаттары бейнеконференцбайланыс режиміндегі отырыстар шеңберінде пысықталуда.

Отырыстарға барлық мүдделі тараптар, оның ішінде академиялық орта, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Астана халықаралық қаржы орталығы, KASE және аудиторлық қауымдастық өкілдері қатысады.

Қазіргі уақытта кәсіби кеңесті одан әрі қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда.