Тәуекелдерді бағалау жүйесін дамыту бойынша қазақстандық компания әлем бойынша бірінші орын алды

Тәуекелдерді бағалау жүйесін дамыту бойынша қазақстандық компания әлем бойынша бірінші орын алды

Қазақстанның ішкі аудит органдары үшін құрылған тәуекелдерді бағалау жүйесін дамыту жобасы World Commerce & Contracting Innovation & Excellence Awards халықаралық байқауында бірінші орынды жеңіп алды.

«Операцияны жақсарту» санаты бойынша компания көшбасшы деп танылды. Финалда олар Shell және Ұлыбритания үкіметінің мемлекеттік сатып алулар басқармасымен бәсекеге түсті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Datanomix аналитикалық құралын белсенді түрде пайдалануда.

Еске салайық, Datanomix командасы тәуекел индикаторларын бағалаудың озық әлемдік тәжірибесін талдап, оларды Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесіне бейімдеді және құқық қорғау органдарының тәжірибесіне сәйкес жоспарлаудан бастап келісімшартты орындауға дейінгі барлық кезеңдер бойынша 43 тәуекелді қалыптастырды.

Бір мысал - бір көзден сатып алу кезіндегі тым жоғары баға көрсету. Datanomix алгоритмдері жыл ішінде әрбір нақты өнімнің орташа бағасын талдайды және баға ауытқуларын анықтайды. Бұл ауытқуларды аудиторлар талдайды және қажет болған жағдайда баға және сатып алу әдісі бәсекеге қабілетту болу үшін өзгертіледі.