Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына Баспасөз хабарламасы

Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына  Баспасөз хабарламасы

«Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – 404 бұйрық жобасы) «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 18-1) тармақшасын және «Мемлекеттік статистика туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.

404 бұйрық жобасына «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі орталық аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 364 бұйрығының орындалуына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бөлігінде және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 5-тармағына заңнамалық актілерді қабылдау күндерін алып тастау бөлігінде түзетулер енгізілді.

Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық
интернет-порталында 2021 жылғы 8 желтоқсан дейінгі мерзіммен  (https://legalacts.egov.kz) жария талқылау үшін орналастырылған.