Қаржы министрлігінде бағалау қызметі саласындағы реттеушілік мәселелері талқыланды

Қаржы министрлігінде бағалау қызметі саласындағы реттеушілік мәселелері талқыланды

2021 жылғы 16 қарашада бейнеконференц форматында бағалау қызметі саласындағы өзін-өзі реттеу әрекетін қайта қараудың реттеушілік әсерін талдауға қоғамдық талқылау жүргізілді.

Талқылауға бағалаушылар палаталарының, кәсіби аудиторлық ұйымдардың, Қаржы министрлігінің Сараптамалық кеңесінің мүшелері, «Атамекен» ҰКП, ҚР Бас прокуратурасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің өкілдері (50-ден астам адам) қатысты.

Қаржы министрлігі реттеудің 3 баламасын ұсынды (заңнама талаптары):

  1. ӨРҰ көптігін сақтау (ӨРҰ өлшемдері – мүшелер саны);
  2. Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңестің жанынан Бағалау қызметі жөніндегі комитет құру (ӨРҰ-ның көптігін сақтай отырып);
  3. Мемлекеттік реттеу (бағалаушыларды лицензиялауға және мемлекеттік бақылауға қайтару).

Бухгалтерлік есеп, аудит пен бағалау әдіснамасы департаментінің директоры Арман Бектұрова РӘТ шеңберінде Қаржы министрлігі бағалау қызметтерін көрсету сапасын арттыру және бағалаушылардың, оның ішінде бағалаушылар еңбек шарттарын жасасқан заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту бойынша шараларды ұсынатынын атап өтті.

Бұл министрлікке және бағалаушылар палатасына келіп түскен өтініштер мен шағымдарға (490) және соттардың жеке ұйғарымдарына (20-дан астам) байланысты. Бұл ретте, заңды тұлғалардың бағалау қызметі бүгінде бақылаусыз және ешқандай жауапкершілік көзделмеген.

Бас прокуратура қадағалау органының тәжірибесіне сүйене отырып,                2021 жылғы 11 маусымдағы №2-010355-21-39442 хатымен бағалау қызметін, мемлекеттік органдардың бақылау функцияларын мемлекеттік реттеу саласын кеңейтуді, бағалаушылардың жауапкершілігін күшейтуді және т. б. ұсынады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер активтерінің сапасын бағалау (AQR) нәтижелері бойынша қарыздар бойынша кепілдік қамтамасыз ету ретінде әрекет ететін мүліктің бағалау құнының өзгеруіне әсер еткен бірқатар факторлар анықталғанын хабарлайды. Кепілдік қамтамасыз ету объектілерінің жиынтық құнын көтерудің себебі сапасыз бағалау болып табылады. Бағалаушылардың мұндай әдістер мен тәсілдерді қолдануы ең көп таралған мысал болып табылады, нәтижесінде ол нарықтық құнды көрсетпейтінін атап өтті.

 «Алматы қалалық адвокаттар алқасының» адвокаты Ж. Ж. Құсайынов «Қазақстан бағалаушылар Достастығы» Бағалаушылар палатасының шағымдарды қарауға деген формалды тәсілін және тиісті бақылаудың жоқтығын атап өтті.

Осылайша, Қаржы министрлігі құрамына Ішкі мемлекеттік аудит комитеті органдарының, «Атамекен» ҰКП, бағалаушылар палаталарының өкілдері және тәуелсіз директор кіретін Комитет құруды ұсынады.

Бұл комитет стратегиялық маңызы бар объектілерді және мемлекеттік мүлікті бағалау туралы есепті оны бағалаушы шығарғанға дейін тексеру нәтижелерін келісетін:

біліктілік емтихандарына және емтихан тапсырғаны туралы сертификат беруге (бағалаушылар палаталарының құзыретіне «бағалаушы», «сарапшы» біліктілігін беру туралы куәлік беру) қатысатын;

бағалау стандарттарын қолдану жөніндегі әдістемелік құралдарды бекітетін және рейтингтік жүйе бойынша бағалауды жүзеге асыратын болады.

Сондай-ақ, Министрлік заңды тұлғалардың бағалау қызметін реттеу бойынша нақты ұсыныстар берді.

Халықаралық тәжірибені зерттей отырып, Америкада емтихан материалдарын әзірлеу, бағалаушылардың білімі мен тәжірибесіне қойылатын талаптарды белгілеу тәуелсіз органдардың құзыретіне кіретіні атап өтілді.

Ұсынылған инновациялар бағалау қауымдастығы тарапынан сынға алынды.

Сонымен қатар, өзін-өзі реттеу тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы ұстанымды дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары қолдады.

Бас прокуратураның өкілі және ҚНРҚА басқарма бастығы Анар Садықова бағалау қызметі саласында шаралар қабылдаудың орындылығын қолдай отырып, барлық қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, РӘТ-ын жетілдіруді ұсынды.

Сапар Көшкімбаев («ҚР аудиторлар палатасы» ПАҚ Кеңесінің төрағасы) бағалау қоғамдастығын өзгерістерді тыңдауға және ашық болуға шақырды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың белсенді талқылауының нәтижесінде бағалау саласын дамыту жөніндегі болашаққа арналған жоспарлармен бірге реттеушілік әсерді талдауды пысықтау туралы шешім қабылданды.