Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту және «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысына сәйкес кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларына сараптама жүргізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне және мүдделі коммерциялық емес ұйымдарға аккредиттеу жүргізу туралы хабарлайды.
Аккредиттеуге қатысуға өтінімдер тиісті құжаттарымен бірге осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мынадай мекен-жай бойынша ұсынылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, (№ 4 кіреберіс), 224 кабинет.