Қаржы жүйесі қызметкерлерінің күнін мерекелеуге орай Қаржы министрлігінің қызметкерлері «Қаржы саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.

Қаржы жүйесі қызметкерлерінің күнін мерекелеуге орай Қаржы министрлігінің қызметкерлері «Қаржы саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.

Салтанатты шара барысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қаржыгерлердің еңбегі экономиканың барлық салаларында жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті. Белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудің табыстылығы ақша ресурстарын сауатты жоспарлау мен бөлуге байланысты.

Сөз соңында Министр жүйенің барлық қызметкерлеріне денсаулық, сарқылмас қуат, отбасылық және қаржылық амандық тіледі!

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы Қаржы министрлігінің құрылғанына 100 жыл толуымен тұспа-тұс келді.

Министрлік бұл атаулы дата аясында Қаржыгерлер аллеясын отырғызып, спорттық жарыстар өткізіп үлгерді. Сондай-ақ, оқырмандар назарына әр жылдары Қаржы министрлігін басқарған тұлғалар туралы мақалалар ұсынылатынын еске саламыз.