Жергілікті бюджеттер бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті енгізуді іске асыру мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті

Жергілікті бюджеттер бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті енгізуді іске асыру мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 12 қарашада Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д.Е.Жанәліновтің төрағалық етуімен АДБ-ның Қазақстандағы өкілдігінің директоры Н.Маннапбековтың және еліміздің 17 өңірінің экономика және қаржы басқармалары қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.

Кеңестің мақсаты - бюджеттік жоспарлау сатысында есептеу әдісін қолдану бойынша мемлекеттік секторда жүргізіліп жатқан реформаның кезекті кезеңін талқылау.

 ЭЫДҰ елдерінің озық халықаралық практикасы есептеу әдісі бойынша бюджеттеу қабылданатын бюджеттік шешімдердің салдары туралы неғұрлым толық ақпарат болып табылатынын көрсетеді.

Қазақстанда қолданыстағы бюджет жүйесі кассалық негізде құрылған және бюджеттің түсімдері мен шығыстары түріндегі ақша ағындары туралы ақпаратты ғана білдіреді.

Алайда, бюджеттеудің қазіргі заманғы үрдістері бюджеттің жоспарлануы мен атқарылуы, бюджеттік есепке алу мен кассалық негізде есептілік, сондай-ақ есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік арасындағы өзара тәуелділікті белгілеуге бағытталған.

Бюджет кодексіне 2017 жылы қабылданған түзетулер тұжырымдамалық ережелерге ғана емес, болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну мерзімдеріне де қатысты:

республикалық бюджет бойынша - 2020 жылдан бастап;

жергілікті бюджеттер бойынша - 2023 жылдан бастап.

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 2020 жылдан бастап мемлекеттік жоспарлаудың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде  «БШҚЕ» модулін пайдалана отырып, «ББӘ БШҚЕ» және «РБ БШҚЕ» екі кіші жүйені қамтитын болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастырады, бұл ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелерді қоса алғанда, активтер мен міндеттемелер бойынша ақпаратты ашуға елеулі үлес қосады.

Реформаны жергілікті бюджет деңгейінде іске асыру мақсатында Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы бұйрығымен 2021-2022 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді, оған сәйкес әдіснаманы әзірлеу, автоматтандыру мәселелерін шешу, «пилотты» жүргізу және оқыту кезеңдері көзделген.

Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №1206 бұйрығымен елдің барлық 17 өңірінің өкілдерін қамтитын Жұмыс тобы құрылды.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары әзірленді, Жұмыс тобының мүшелерімен келісілді және Қаржы министрінің ағымдағы жылғы 27 қазандағы №1108 бұйрығымен бекітілді. Осы бұйрық Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 қазанда №24948 болып тіркелді.

Қаржы министрлігі 2022 жылдың ішінде жұмыс тобының мүшелерімен «пилотты», автоматтандыру және 2023 жылдан бастап елдің барлық 17 өңірінде болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті енгізу мәселелері бойынша бірқатар оқыту семинарлары мен талқылаулар өткізуді жоспарлап отыр.

Бірлескен жұмыс жалғасатын болады.