«Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

«Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

Қаржы министрлігі 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша қазынашылық органдарында тіркеуден шығаруды көздейтін «Шығыстардың, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі:

- Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әкімшісі болып табылатын «Тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін жағдайлар жасау және Ұлытау таулы алқабының табиғи және тарихи-мәдени объектілерін сақтауға жәрдем көрсету» бюджеттік бағдарламасы «Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен» және «Грант есебінен» кіші бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті арасында жасалған қаржыландыру туралы келісім, өйткені осы Келісім оған тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді;

- әкімшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі болып табылатын «Бюджеттік жоспарлауды, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының салық мақсаттарында ақпарат алмасуды жүзеге асыруға ақпараттық платформаны пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу кезінде. «Common Transmission System» ақпарат алмасу ақпараттық платформасы стандартты болып табылатын халықаралық салық келісіміне сәйкес қоғам мүддесі үшін салық органдары арасында салық ақпаратымен халықаралық алмасуға арналған ақпараттық технологиялар платформасы болып табылатындығына байланысты редакциялауға жатпайды және бюджет заңнамасында қойылатын барлық талаптарға жауап бермейді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес келтіру мақсатында.

Бұл Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына http://legalacts.egov.kz 2021 жылғы 7 қазандағы орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2021 жылғы 22 қазанға дейін.