«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына  баспасөз-релизі

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінiң 2015 жылғы 16 наурыздағы Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы , Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

Осы Заңмен Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған Бухгалтерлер әдеп кодексін Қазақстанда енгізу бөлігінде түзету енгізілді.

Бұдан басқа, бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу ережесiн бекiту туралы» бұйрығына сәйкестендіріледі.

Бұйрық жобасын қабылдау кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру және кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүргізу жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ кәсіби бухгалтерлер жүзеге асыратын қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды сапалы аккредиттеуді қамтамасыз етеді.

Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық
интернет-порталында 2021 жылғы 25 қазанға дейінгі мерзіммен  (https://legalacts.egov.kz) жария талқылау үшін орналастырылған