Қаржы министрлігі «Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі.
Осы Бұйрық жобасы:
ІАҚ жұмысына жоспарлы тәртіппен бағалау жүргізуді;
ІАҚ жұмысын бағалау нәтижелерімен танысу үшін Уәкілетті органның ІАҚ-қа жіберу мерзімдерін бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 20 шілдеден кешіктірмей, екінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 20 қаңтардан кешіктірмей белгілеуді;
бағалау үшін ұпайларды өзгертуді;
бұйрықты «Ішкі аудит қызметтерінің жұмысын бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары бойынша бағалаудың салыстырма кестесі» жаңа нысанымен толықтыруды айқындайды.