Аудиторлық ұйымдарды ротациялау бойынша дөңгелек үстел өткізу туралы баспасөз релизі

Аудиторлық ұйымдарды ротациялау бойынша дөңгелек үстел өткізу туралы баспасөз релизі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдедегі ҚР Заңын іске асыру мақсатында
9 нормативтік құқықтық актілер әзірленді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Осы бұйрықтардың бірі аудиторлық ұйымдарды ротациялауды көздейді.

2021 жылғы 16 шілдеде бейнеконференцбайланыс режимінде Қаржы Вице-министрі Д. Кенбеил «Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығындағы (бұдан әрі – Бұйрық) аудиторлық ұйымдарды ротациялау бөлігінде өзгерістерді талқылау жөніндегі отырысқа қатысты.

Отырысқа 10-нан астам мүдделі органдардың өкілдері, соның ішінде Дүниежүзілік Банктің сарапшысы, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, аудиторлық ұйымдар қатысты.

Отырыста, атап айтқанда, бір ұйыммен, оның ішінде қаржы ұйыммен
7 (жеті) жыл бойы аудитті үздіксіз жүзеге асырылған жағдайда аудиторлық ұйымды ротациялау бөлігінде Бұйрықтың Әдеп кодексінің нормаларына және Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес келтірілгені хабарланды.

Сонымен қатар, Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаментінің директоры А. Бектурова АҚШ, Ұлыбритания және Бразилияда аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды ротациялауды көздейтін халықаралық тәжірибенің мысалдарын келтірді.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері аудиторлық ұйымдарды алмастыру сапалы аудиторлық есептің құрамдас бөлігі ретінде өте маңызды екенін атап өтті.

Дөңгелек үстел нәтижелері бойынша отырысқа қатысушылар аудиторлық ұйымдарды ротациялау қажеттігін қолдады, сондай-ақ осы мәселені одан әрі талқылау туралы келісті.