«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз-релизі

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына  баспасөз-релизі

Қаржы министрлігі мынадай өзгерістерді көздейтін «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасын әзірледі:

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында 202-т. 2-бөлігінде, 269-т. 2-бөлігінде, 447-т. 1-бөлігінде редакциялық түзетулер;

- 378-1-т., 378-4-т. тауарларды (қызметтерді) жеткізу және құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша ақша алушылардың аражігін ажырату, қазынашылық органында шоттар ашу жөніндегі талаптарды нақты регламенттеу және «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ 2-бабына сәйкес олардың екінші деңгейдегі банктердегі шоттарына төлемдер жүргізу тәртібі мақсатында;

 - 378-5-т, 378-21-т. инжинирингтік компанияның төлем сертификаты негізінде үстеме шығыстарды төлеу бойынша, орындалған жұмыстар актілері негізінде тапсырыс берушіден ақша алған жағдайда ғана ағымдағы шығындарды өтеу бойынша нормаларды регламенттеу мақсатында. Сондай-ақ тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) жеткізу және құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша ақша алушылардың аражігін ажырату мақсатында.

Осы Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына http://legalacts.egov.kz  2021 жылғы 20 мамырда орналастырылды.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі - 2021 жылғы 3 маусымға дейін.