М.Сұлтанғазиев пандемия кезінде бизнесті қолдау шаралары туралы айтты

М.Сұлтанғазиев пандемия кезінде бизнесті қолдау шаралары туралы айтты

2021 жылдың 1 шілдесінен және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда салық заңнамасына жаңа түзетулер енгізіледі. Дегенмен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 сәуірінде өткен коронавирустық инфекцияға арналған кеңесте берген тапсырмасы аясында Қаржы министрлігі қазірдің өзінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жұмыс істеп жатыр.

«Карантин кезінде зардап шеккен салалардағы ШОБ үшін жалақы қорынан салық төлеу  кейінге қалдырылды. Бұл шара 2021 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдесіне дейін қолданылады », - деді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар, салық және кедендік қарыздарды мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тоқтатылды. Бұл шара 13,2 миллиард теңге қарызы бар 8,6 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілеріне көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Мұнымен қоса, қолға алынған шаралар шеңберінде акцизделетін тауарлар мен ЕАЭО елдеріне импортталатын және шығарылатын тауарлардың ілеспе шот-фактураларын тіркеу бойынша пилоттық жобалардың мерзімі 2021 жылдың 1 қазанына дейін, ал басқа тауарлар үшін - 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды. Сондай-ақ, келесі жылдың 1 қаңтарында ҚҚС төлемейтіндерге электронды шот-фактуралар беру міндеттемесі кейінге қалдырылды.