Парламентте Үкімет пен Есеп комитетінің есебін қарау кезінде 500-ден астам сұрақтар мен ұсыныстар берілді.

Парламентте Үкімет пен Есеп комитетінің есебін қарау кезінде 500-ден астам сұрақтар мен ұсыныстар берілді.

Үкіметтің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі Мәжіліс пен Сенатта жан-жақты қаралды. Осы уақыт ішінде экономиканың барлық салалары бойынша 500-ден астам сұрақтар мен ұсыныстар берілді. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

«Барлық сұрақтар мен ұсыныстар жұмыс топтары мен салалық комитеттерде егжей-тегжейлі талқыланды. Парламент депутаттарының ұсыныстары Үкімет жұмысында ескерілетін болады », - деді Қаржы министрі.

Е.Жамаубаев атап өткендей, республикалық бюджеттің негізгі параметрлері толық атқарылды. Атап айтқанда, түсімдер 12 трлн. 49 млрд.теңге немесе жоспардың 100,3%, шығыстар 98,3% игерілді және 14 трлн. 234 млрд теңге болды. Бюджет тапшылығы 2 трлн. 185 млрд.теңге немесе ЖІӨ-нің 3,1%.

«Жалпы алғанда мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толығымен орындады», - деп атап өтті министр.

Мысалы, Үкімет экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарын уақтылы әзірледі және іске асырды, бұл жұмыс орындары мен іскерлік белсенділікті сақтауға мүмкіндік берді.