Аудиттелген қаржылық есептілікті талдау бойынша қорытындыларды талқылау бойынша дөңгелек үстел

Аудиттелген қаржылық есептілікті талдау бойынша қорытындыларды талқылау бойынша дөңгелек үстел

2021 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тәуекелдерді талдау негізінде жүргізілген аудиттелген қаржылық есептілікті талдау бойынша қорытындыларды талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде Қаржы вице-министрі Кенбеил Д. басшылығымен дөңгелек үстел өткізді.

Отырысқа 60-тан астам мүдделі органдардың, оның ішінде Дүниежүзілік банк, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, ҚР Ұлттық Банкі, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, Ішкі аудит қызметтері, кәсіби және аудиторлық ұйымдар, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ өкілдері қатысты.

Отырыста банк секторында және денсаулық сақтау секторында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының әдіснамасын сақтаудың маңызды аспектілері туралы, сондай-ақ қаржылық есептілік депозитарийінің дерекқорында осындай есептілік бойынша жүргізілген аудит әдіснамасының сақталуы, аудиторлық қызмет бойынша жаңадан құрылатын кәсіби кеңестің әлеуетін күшейту қажеттілігі туралы хабарланды.

Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдістемесі департаментінің директоры А.Бектурова сонымен қатар ағымдағы жылы Ішкі аудит қызметі туралы Үлгілік қағидаға өзгерістер енгізілгендігін хабарлады, оның ішінде:

- құрамына Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісілген осы ішкі аудит қызметі кіретін мемлекеттік органның қаржылық есептілік аудитіне ІАҚ қатысуы;

- ІАҚ әзірлейді, бірінші басшыға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне) бекітуге ұсынады және ІАҚ жылдық жұмыс жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, «Сәйкестік аудиті» Рәсімдік стандарты және «Қаржылық есептілік аудиті» бойынша Рәсімдік стандартқа жаңа тәсілдер әзірленді.

Дөңгелек үстел нәтижелері бойынша отырысқа қатысушылар аудитті қадағалауды және ХҚЕС-ке сәйкес қаржылық жағдайды көрсетуге тиіс қаржылық есептілікті толтыруды одан әрі дамыту қажеттілігін қолдады.