Комитеттерде және олардың аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын еселеу қажет. Қаржы министрлігінің аппарат жетекшісі осылай деп тапсырды.

Комитеттерде және олардың аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын еселеу қажет. Қаржы министрлігінің аппарат жетекшісі осылай деп тапсырды.

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Қаржы Министрлігі - Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің қызметін ұйымдастыруға арналған кездесу барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат жетекшісі Абзал Бейсенбекұлы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру яғни парақорлықтың кез-келген көрінісіне қарсылық танытуды тәрбиелеу Министрлік үшін маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

«Жобалық кеңсенің жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтарға министрлікпен өзара әрекеттесу кезінде қолайлы жағдай жасауға бағытталған», - деді аппарат жетекшісі.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін мемлекеттік аудит және бағалау бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижесінде берілген ұсыныстарды орындау мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге іс-шаралар жоспары бекітілді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жалғасады.

А.Бейсенбекұлы Жобаны іске асыру бойынша Министрліктің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарында іске асырудың нақты мерзімдері мен жауапты тұлғаларды айқындалғанын атап өтті.