«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) 2 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді:
1) «Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 бұйрығы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді және жаңа нормалармен толықтырылды:
- сенімгерлік басқару бойынша операцияларды есепке алу тәртібі бойынша;
- активтерді алуға сенімхат қандай жағдайларда талап етілмейді;
- түгендеу нәтижесі бойынша қорларды қайта сұрыптауды қандай жағдайларда есепке алуға жол беріледі.
Сондай-ақ, әкімшілік кедергілерді азайту және ұйымдарға электрондық тасымалдағыштағы бастапқы есепке алу құжаттарына түзетулер енгізу мүмкіндігін беру мақсатында электрондық бастапқы құжаттардағы қателерді түзету бойынша қосымша норма енгізілді.
2) «Қаржылық есептіліктің ұлттық стандартын бекіту туралы» 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 20-бабының 4-тармағына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Бұдан басқа, жоғарыда аталған бұйрықтар «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында бұйрықтың бүкіл мәтіні бойынша заңнамалық актілердің күнін алып тастауды және редакциялық түзетулерді көздейді.
Бұйрық жобасы 2021 жылғы 4 маусымда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=9212475).
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі-2021 жылғы 18 маусымға дейін.