Қаржымині БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренингтер циклын жалғастыруда

 Қаржымині БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренингтер циклын жалғастыруда

Бюджет дегеніміз не, ол қалай қалыптасады, сондай-ақ төртінші деңгейдің бюджетін енгізу туралы журналистерге айтып берді.

2017 жылғы 11 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен ҚР ҚМ-нің  Бюджет заңнамасы департаментінің  директоры Зайфун Ерназарова журналистерді ақпараттандырды.

Оның айтуынша, заң Мемлекет басшысының «бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамын іске асыру мақсатында әзірленді, онда аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқаруда дербес бюджетті енгізу көзделген.

«Ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті 2018 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің IV деңгейі ретінде халқының саны 2 мыңнан асатын әкімшілік-аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап – жалпылама енгізіледі»-деді Қаржы министрлігінің өкілі.

Жалпы, заң жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ спикер журналистерді «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының заңы туралы хабардар етті.  

Зайфун Ерназарованың айтуынша аталған заң қолданыстағы зиянды өтеу жүйесін  ауыстырмайды, тек қана жәбірленушілерге бастапқы материалдық көмек көрсетуге жағдайлар жасайды.

«Құрылатын Қор заңды тұлға ретінде емес, шот ретінде әрекет етеді. Бүгінгі таңда бұл ең үнемді нысан болып табылады. Қордың төлемдерін Қазынашылық бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізетін болады», - деп спикер түсіндіріп өтті. 

Республикалық бюджеттің заңнамалық негізде қалыптастырудың үш жылдық кезеңі, республикалық бюджетті қалыптастыру кезеңдері, республикалық бюджеттің Парламентте қаралуы, бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау, сондай-ақ проблемалық мәселелер және де республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде шешуге тура келетін мәселелер туралы журналистерді ҚР ҚМ-нің бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары Олжас Бейсембаев ақпараттандырды.

Сондай-ақ, спикерлер журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі